Tele2-де сынақ мерзімін өткізу!

tele2_shutterstock_663px.jpg

Жыл сайын сәуір айында біз «Tele2-дағы тағылымдама!» жас мамандарды тағылымдамадан өткізу бағдарламасы бойынша жобаны іске асырамыз.

Барлық студенттер белгілі критерийлер бойынша іріктеудің бірнеше кезеңінен өтеді: керемет академиялық үлгерім, ағылшын тілін біру және басқалары.

Бағдарламаға ЖОО жоғарғы курс студенттері, сондай-ақ магистранттар қатысады.

Тағылымдаманың ұзақтығы 3 ай: маусым - тамыз. Тағылымдама аяқталғаннан кейін үздік студенттерді бос жұмыс орындарына жұмысқа қабылдай аламыз.

Бағдарламаға келесі бөлімшелер қатысады:

  • Техникалық дирекция
  • Ақпараттық технологиялар дирекциясы
  • Қаржы дирекциясы
  • Заң департаменті
  • Сатылымдар және аймақтық даму дирекциясы
  • Ұйымдық даму және қызметкерлермен жұмыс жасау дирекциясы

Tele2 компаниясындағы тағылымдама – келешек мамандар үшін өз күшін сынаудың, бағалы практикалық тәжірибе алудың және ірі еуропалық телекоммуникациялық компанияға жұмысқа тұрудың керемет мүмкіндігі. Біз өзіміздің демократиялық ортамыз бен жұмысты ұйымдастырудағы еуропалық тәсілдемемізді мақтан тұтамыз. Tele2 компаниясында ашықтық ортасы үстемдік етеді және ол көп нәрселерден көрініс табады – мысалы, Сіздің басшыңыз өзіңіз жұмыс істейтін open space кеңсесінде жұмыс істейді және Сіз оған сұрақ қоюды немесе кеңесуді қажет ететін болсаңыз, ол әрдайым қолжетімді болады. Компанияда ынтагерлік пен дербестік белсенді түрде көтермеленеді, сондықтан егер Сіз өз жауапкершілігіңіз аймағында шешім қабылдау құқығы мен өкілеттіктерді дамыту мүмкіндігін іздейтін болсаңыз, Tele2 – үздік таңдау болмақ. Tele2-ның басты ұраны – тиімділік, сондықтан біз барынша жоғары нәтижемен жұмыс істеуге қабілетті адамдарды іздейміз.

Егер Сіз «Tele2» компаниясында тағылымдамадан өткіңіз келсе, түйіндемеңізді сәуір айы ішінде мына электронық мекенжайға жіберіңіз: