Ұялы аударым

Достарыңа көмектес - олардың шоттарын толықтыр

Достарыңды немесе туыстарыңды байланыссыз қалдырма! Tele2 аса қажет адамдарға ақша жіберу мүмкіндігін ұсынады! «Мобильді аударым» қызметі – төлем терминалын, сату салонын іздеместен және тіпті Интернетке қол жеткізусіз досыңның, жұбайыңның немесе балаңның шотын оңай толтыруға мүмкіндік береді. Минималды аударым – 100 теңге.


Ақша қаражаттарын мобильді аударуды жүзеге асыру үшін, келесі пәрменді тер:
*145 * [шотын толтырғыңыз келетін абоненттің нөмірі] * [сома] #.

Мысалы, абоненттің нөмірін былай көрсетіңіз:
*145*87071234567*1000#.
Немесе былай көрсетіңіз:
*145*7071234567*1000#.


«Мобильді аударым» қызметі туралы толық ақпаратты 510 тегін нөмірі арқылы білуге болады.


"Ұялы аударым" қызметін бағалаңыз

Басқа бір Tele2 абонентінің шотын өз шотыңның қаражатымен толтыра отырып, сен «Мобильді аударым» қызметін көрсетудің шарттарымен келісесің. Қызметті пайдалану туралы Келісіммен алдын-ала танысу керек.


  • Аударылатын соманың комиссиясы – ҚҚС қоса есептегенде 20 теңгені құрайды.
  • Аударымның минималды сомасы – 100 теңге;
  • Аударымның максималды сомасы – 3000 теңге;
  • Аударым жасағаннан кейін абоненттің шотында қалуы тиіс минималды сома – 100 теңге;
  • «Мобильді аударым» қызметін бұғаттау үшін, өзіңнің ұялы телефоныңнан келесі пәрменді тер: *145*0#
  • Абонент күніне 1 аударымнан артық аударым ала алмайды;
  • Қызмет тек Tele2 желісінің ішінде ғана көсетіледі, басқа мобильді операторға аудару мүмкін емес.
  • Абонент «Мобильді аударым» қызметін пайдалану барысында енгізілген деректердің қателігі үшін өз бетінше жауап береді.
  • Егер сенің телефоныңнан қоңырауларға, SMS хабарламаларына және интернет-трафикке жұмсалған шығындар – нөмірді пайдалана бастаған сәттен бері 500 теңгеден аспаған болса, сондай-ақ кейіннен есеп айырысу жүйесімен қызмет көрсетілетін абоненттер үшін – «Мобильді аударым» қызметі қол жетімсіз болады.